Басты

Құрметті ата-аналар оқыту процесі оқу жылының басында қашықтықтан ұйымдастырылатын болады!

Білім беру ұйымдарына қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі №564 бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

ҚР БҒМ 24.06.2020 жылғы № 264 бұйрығымен енгізілген өзгерістерді ескере отырып, 2013 жылғы 15 сәуірдегі №564 қабылдаудың үлгілік ережелерінде Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі белгіленді:

  1. «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
  2. « Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау «.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша білім беру ұйымдарына 08.07.2020 жылы №04-21/2497 хаты жолданды.

9-2 т. сәйкес бастауыш білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бірінші сыныбына түсетін баланың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі.

Осыған байланысты, сондай-ақ ҚР Білім және ғылым Министрінің тапсырмасына сәйкес, 09.07.2020 ж. БКБ режимінде кеңес өткізу қажет:

  1. Бірінші сыныпқа қабылдауды ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 тамызына дейін жүзеге асыру
  2. Бірінші сыныпқа қабылдау үшін құжаттарды уақытында беру бойынша ата-аналармен (заңды өкілдерімен) ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу
  3. Денсаулық жағдайы туралы анықтамаларды уақытылы алудың күрделілігіне байланысты құжаттарды осы құжаттарсыз қабылдауды жүзеге асыру («Сакура» жүйесінде денсаулық жағдайы туралы анықтаманы бекіту бойынша өзгерістер енгізілді (қосымша қойынды міндетті емес)).

Бұл ретте ата-аналарды 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін барлық қажетті анықтамаларды («Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген № 063/у нысаны және «026/у-3 «бала денсаулығы паспорты» есептік нысанын толтыру және жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы » Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 469 бұйрығымен қабылдау туралы бұйрық 2020 жылдың 01 қыркүйегіне шығарылады.

Біздің мектептің қысқа тарихы

1937 жыл – мектеп негізі қаланған

1939 жыл — № 14 орта мектебі

1943 жыл – жетіжылдық ерлер мектебі

1953 жыл – орталық жылуы енгізілген, шеберханалар құрылған

1955 жыл — № 14 мектебі

1956 жыл – теплица құрылған және ғимаратқа жаңа құрылыс құрылған

1970 жыл – мектеп айналасында асфальт салынған

1986 жыл — № 14 сегізжылдық мектебі

1989 жыл – № 14  арнайы орта мектебі

1995 жыл — № 14 комплекс-мектебі

2000 жыл – негізгі жалпы білім беретін № 14 мектебі

70 жыл бойы 10 мектеп директорлары ауыстырылды.

2008 жылға дейіңгі мектеп суреті