Сабақ 3

Менің отбасым ,туыстарым.

 Тренинг мақсаты:
Оқушыларға отбасы туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге,ата-анасын
сыйлауға ,кішіге қамқор,тату болуға тәрбиелеу.
Тренинг бағдарламасы:
1.Есімдер аллитерациясы
2.Отбасым-сыйластық,жарастық орнаған ортам. (шағын дәріс)
3. Мен отбасымды мақтан етемін. (оқушылар шығармашылықтары)
4. Тілек шамы
Тренинг барысы:
1.Есімдер аллитерациясы.
Мақсаты: Оқушылардың отбасындағы есімдерімен бір-бірімен таныстыру.
Шарты:Әр оқушы өз отбасындағы өзі жақсы көретін адамын айта отырып,оның бір еркелеткен сөзін өз есіміне қосып айту.
Мысалы,Мен отбасымда анамды жақсы көремін.Мен анамның ерке қызы-Жайнагүлмін.
-Еркелеткен есіміңді айтқанда қандай сезімде болдың?
-Қазіргі көңіл-күйлерің қандай?
2.Отбасым-сыйластық ,жарастық орнаған ортам. (Шағын дәріс)
Мақсаты:Оқушылардың отбасы туралы білім беру,отбасы мұшелерін сыйлауға,ата-ананы құрметтеуге,біріне-бір қамқор болуға,әр адамның отбасындаөз орны болатынын түсінуге тәрбиелеу.
Отбасым-сыйластық ,жарастық орнаған ортам.
Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп,
қалыптасады.Отанға деген ыстық сезім-жақындарына,
туған-туысқандарына деген сүйіспеншілігінен басталады.
Н.Ә.Назарбаев
Отбасы – адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап, осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.
Отбасының адамзат ұрпағына деген ықпалы мен әсер күшін өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайтындай. Өйткені ата-ананың балаға деген тәрбиесінің орнын еш нәрсе толтыра алар емес. «Ел болам десең, бесігіңді түзе» — деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұр емес пе?
Отбасы мүшелерінің жас шамасы әр түрлі болса да, олардың арасында бір-бірімен рухани жақындығы, мақсат ынтымақтастығы бар.
Атақты қазақ ақыны Қасым Аманжолов өзінің жарына арнаған бір өлеңінде: Отбасы – шағын мемлекет,
Мен – президент, сен – премьер,
дегені бар. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет. Әр мемлекеттің өзіне тән өндірісі мен өнім бөлісі, сыртқы және ішкі саясаты, кіріс – шығыс бюджеті, қастерлеп ұстанатын рәміздері, т.б. болатыны сияқты, әр отбасы болмыс-тіршілігінің де соған ұқсас жақтары бар, оның жаратылысы да басшылық пен косшылықты қажет етеді. Сондықтан отбасының құрылымына зор маңыз біріліп, мәнін қорғаған, отбасының ар-намысын сақтауға, сырын шашпауға, мүшелерін бір-біріне қатысты адалдыққа тәрбиелеген. «Отан отбасынан басталады» деген сөздін мәнісі де осында.
Ата-ана өз отбасын нығайта отырып, сонымен бірге оның балағатқа толған мүшелерін үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзірлеуі басты әрі өте жауапты міндет болып саналады. Жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік орын тепкен жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы көбіне-көп жас жұбайлардың үлкен үйде алған тәрбиесі, көрген өнегесіне байланыст
«Ұяда не көрсең, ұшқанда, соны ілерсің», «Анасына қарап, қызын ал», — -деп, халық бәрін бастан кешіп, сынақтан өткізгендіктен айтқан.
Хан ордасы, салтанатты сарайларда талай күн аунап-қунап жатып, өзінің шұрқ тесік құрым киіз лашығына қайтып оралғанда Жиренше шешен: «Айхай, менің өз үйім, кең сарайдай боз үйім», — деп жаны жай тапқан екен. Бұл аңызда үлкен шындық, терең мән бар. Әркімге, оның ішінде балаға өз үйінен ыстық, өз үйінен кең де керемет мекен жер жүзінде жоқ. Кавказ халықтарында «Нағыз жайлы орын: қылышқа – қынабы, отқа – ошағы, ер жігітке – өз үйі» — деген тамаша нақыл бар.
Адалдық пен мейірімділік, жауапкершілік пен кешірімділік те отбасында шын ықылас-пейілменен баланың көкірегінде орын тебеді.

Қазақ отбасында әуелі әке, содан кейін шеше, бұлар – жанұя мектебінің ұстаздары болады. Әке мен шешенің баласына қоятын ең бірінші басты талап- тілектері — баланың «әдепті бала» болып өсуі.
Сондықтан қазақ жанұясы әрдайым: « Әдепті бол, тәрбиесіздік етпе, көргенсіз болма» деген сияқты сөздерді балаларының құлағына құйып өсірген.
Қазақ отбасында өз баласын мейірімділікке, имандылыққа баулып өсірген. Үнемі жанұясында осылай тәрбие көрген бала ақырында, өздігінен тіл алғыш, адал, тиянақты, ұқыпты болып шыға келеді.
Тәрбие басы әдептілік деп білген ата-ана әуелі баласына өздерін сыйлап-құрметтеуді, өзгелерге, әсіресе үлкендерге, сыпайылық танытуды, ешкімді мұқатпауды үйреткен. Сонымен қатар, балаларының ер-азамат болып, халқына еңбек етулерін басты міндет етіп қойған.
Отбасының ұйытқысы, берекесі, мейір-шапағат көзі – әйел. Әйелдің бұл рөлі отағасының жамағатына, бала-шағаның анаға деген сүйіспеншілігімен, қамқорлығымен, ана жанын қас-қабағынан, жанарынан танығыштықпен нығая, биіктей береді. Әрине, әйел де өзінің аналық борышын ұмытпағанда, әсіресе, ерімен қабағы жарасып, тату – сүйіспеншілікте тұрғанда мәртебесі арта түспек.
Әйелдің еріне қарым-қатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік есте болуға тиіс. Мұның өзі, бір жағынан, үй ішіндегі әдептің бастау көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы, қас-қабағы арқылы қалыптасады. Мысалы, ерлі-зайыптылар балалар көзінше бір-біріне қатты, балағат сөздер айтыспақ түгіл, дауыс көтеріп, керісуге тиіс емес. Олай еткенде, өз беделдерін жоғалтудың, бала -шағаның жүрегін шошытып, зәресін ұшырудың үстіне, олардың жанына кейін өздері үй болғанда, алдарынан шығатын жаман әдеттің ұрығын егеді.
Бұл жағынан аналардың балаларға: «әкеңмен ақылдас», “әкең біледі», «әкеңнің айтқанын істе» т.б. сияқты дәстүрімізде бар сөздерді айтып отыруы қандай ғанибет! Атақты «Абай» эпопеясында халқымыздың осыған орайлас қадірлі дәстүрін танытатын мынадай бір тағылымды эпизод бар. «…Семей қаласында үш жыл оқып, жайлаудағы әке үйіне күн кешкіре жеткен, 13 жасар шәкірт бала – Абай аттан түскен бетте, амандасу үшін, шешеге қарай жүреді. Сонда ақылды да байсалды ана Ұлжан: «Әй, балам, анда әкеңдер тұр, әкеңе барып, сәлем бер!» — дейді. Бір сәтке балалық сезім жеңіп, қателік жіберіп алғанын түсінген жас Абай кілт бұрылып, ортасында әкесі Құнанбай бар шеткерірек тұрған оқшау топқа қарай адымдай жөнеледі». Ұлы жазушы Мұхтар Әуезов мұны халықтың жүрекке жылы осындай тамаша дәстүрінен хабардар ету үшін ғана емес, онын тәрбиелік зор маңызын жоғары бағалағандықтан да келтіріп отырғаны анық.
3. Мен отбасымды мақтан етемін.
Оқушылар шығармашылықтары
Отбасы.
Отбасы –үлкен мекеме
Әке,ана мереке.
Болсыншы деп тілеймін,
Отбасында береке.
• * *************
Тіл алу,әдептілік,тәртіптілік,сыпайылық отбасынан шығады.Сондықтан ата-әжені,ата-анамызды құрметтеп,әр уақыт сыйлап жүрейік.Мен өз ата-анамды өте-өте қатты жақсы көремін.
Менің отбасым

Менің отбасым
Отбасы –таусылмайтын бақыт екен,
Ешқашан ескірмейтін жақұт екен.
Қашанда тату тұрған адам болса,
Ағайын,бұның өзі бақыт екен!

Менің анам.
Мен сені жақсы көремін мамашым,
Өзің мені әлпештедің анашым.
Әрқашан аман болшы жан анам,
Әр уақытта жүрегімде қаласың.

4. Тілек ағашы
Оқушылар бүгінгі шарада алған әсерлерін айта отырып, тілек ағашына отбасыларына арнап өз жүрек жарды тілектерін жазу.
Қиналғанда арқа сүйеп жүретін
Қуансамда барма басқа сүйеніш?
Қуансамда бірге жүріп қуанып,
Тірегімсің,ақылшымсың бір өзің!
Жанұям,үстем болсын мерейің
Табылмас жанашырым өзіңдей!
Бірлік пенен татулық,
Амандық пен денсаулық
Болсын бізбен әрдайым!-деп бүгінгі тренингті аяқтаймыз.Уақыт бөліп көңіл қойғандарыңызға көп –көп рахмет.Сау болыңыздар!

 

Менің  мекен – жайым.

Мақсаты: жаттығулар жасату арқылы қатысушылардың көңіл-күйлерін көтеру.

Түрі: тренинг

Тренинг мақсаты:
Оқушыларға  тақырып туралы мағлұмат бере отырып, отбасын құрметтеуге,ата-анасын
сыйлауға ,кішіге қамқор,тату болуға тәрбиелеу.
Күтілетін  нәтиже:  мекен — жай  жөнінде өз пікірін айта   білу;

«Менің мекен – жайым» тақырыбындағы сөйлесуді жалғастырыңдар.

—  Сен қай Республикада тұрасың?

—  … .

— Сен  қай облыста тұрасың?

—  … .

— Сен  қай ауданда  тұрасың?

—  … .

2 – тапсырма. Бірінші бағандағы сөздерді  екінші  бағандағы сөздермен мағынасына қарай

сәйкестендіріңдер.

3 – тапсырма. Үлгі бойынша  досыңа немесе алыстағы туысқаныңа ,т.б. хат жазыңдар.

Конверттің сыртын үлгі бойынша  толтырыңдар.

Үлгі: Кімге? М.А.Досжановаға                 Кімнен?  М.Красиковтан

Шығыс Қазақстан облысы                          Батыс Қазақстан облысы

Аягөз ауданы                                                Зеленов ауданы

Сандықтас  ауылы                                        Калинин ауылы

Д.Бабатайұлы көшесі, 2 үй.                         Торговая көшесі, 7 үй.

Сұрақтар  қою арқылы  бекіту.

Сөйлемдер құрап, буынға бөліп жазу.

Ойын менің мекен жайым. Барлығы бір уақытта өз адресін айтады, әр біреуі оны естісе екен деп қатты айтады. Жүргізуші біреудің адресін сұрайды. Бірінші ереже бір- бірін тыңдау.

Екінші-басқаға кедергі жасамау.

Дұрыс немесе қате жауап жоқ. Бір-бірін ренжітпеу.

Сен өзіне сенімді боласың егер саған кедергі жасамаса.

Басқаға кедергі жасамайтындай қылып барлығын істеуге болады Сенімді болуға болады, сені ешкім ренжітпесе.

Қорытынды 

Тиімді жұмыс атқару үшін маман өзінің беретін пәнін, әр түрлі әдіс- тәсілдерді жетік білуі керек, оқушылармен тығыз қарым – қатынаста болуы қажет. Осы мәселелерді әрдайым сабақта,  сабақтан тыс уақытта, белгілі бір мақсатта емес, әр түрлі жағдайларда қолданып отыру, атқарылған жұмыстардың нәтижесін көрсетеді.

Баланың жеке тұлға ретіндегі дамуы, бейімделуі, өзіндік көзқарасының калыптасуы, ой – өрісінің кенеюі. Адамды байқағыштық пен байсалдылыққа, зейінділік пен зеректілікке,  тапқырлық пен ойланғыштыққа баулып, тәрбиелейтін де – осы ғылым.

Қорыта айтқанда, кәзіргі кезде қоғамдарынды, кабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғанын рухани өсуіне психологиялық – педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу,

өзіне – өзі  сенімді, жауапкершілік қасиетті сінірген тұлға ретінде қалыптастыру  қажет. Жас нәрестенің дені сау болса, отбасына зор куаныш пен бақыт әкеледі. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.