Сенім телефоны

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ «СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ» (39-08-50) ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫ ХАБАРЛАНДЫРАДЫ

Сенім телефоны – бұл кез келген адам өмірдің қиын жағдайын талқылау үшін анонимді түрде жүгіне алатын және өзінің сауалына жауап таба алатын қызмет.

«Сенім телефонының» мақсаты – отбасылық жайсыздықты, балалар мен жасөспірімдердің күйзелген және суицидальды көңіл-күйлерін алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға мүмкіндік беру.

«Сенім телефонының» жұмысы қызықтыратын мәселелер бойынша қоңырау шалушыны ақпараттандыру, мүмкін болатын көзбе-көз кеңес және практикалық көмек үшін маманды сауатты таңдау мүмкіндіктерін береді.

Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес жүргізіледі:

 

  • Құпиялылық;
  • Қол жетімділік;
  • Абонентке құрмет;
  • Абонентті тыңдау.

 

«Сенім телефонының» жұмыс режимі – 8 сағат

Үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

 

Балаларға психологиялық көмек көрсететін қызметтер туралы мәліметтерді орналастыру үшін ақпарат

Құрметті мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар!

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде сіздер кедергісіз сенім телефондарына хабарласа отырып көмек алуларыңа болады.

Сенім телефоны – бұл шұғыл психологиялық көмек көрсететін тегін анонимдік қызметі.

«111» бірыңғай call-орталығы – қоңырау шалу тегін, Қазақстан Республикасында тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетіледі.

8 (7172) 742528 — Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.

88000808833 – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының жанындағы балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі.

8 (7142) 226532 – Психологиялық көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталығы, тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық көмек құпиялылықты сақтайды.

«150» қысқа нөмірі – Қостанай облысы бойынша тәуліктік, анонимдік білікті көмек, қоңырау шалу тегін.

Жағдай туындаса – ҚОҢЫРАУ ШАЛ!!!