Қазан айында өткен іс-шаралар

Қазан айнда «Өлкетану» шағын бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар өткізілді.

— 2-4 сынып оқушылары арасында «Күзді қарсы алайық!» атты күз мерекесі өтті. Іс – шара барысында әр сынып өздері сынып жетекшілерімен және ата – аналарымен дайындаған жеміс жидектердің немесе көкөністердің презентациясын ұсынды,әндер орындады, ашық ойындар мен эстафеталарға қатысты.

— 1-4 сынып оқушылары арасында «Күзгі өгерістер» атты табиғи материалдардан жасалған қолөнер көрмесі өтті. Күз мерекесінде үздік жұмыстар мадақтамалармен марапатталды.

 «Саналы Азамат» шағын бағдарламасы аясында бірқатар іс- шаралар өткізілді

— 4 қазанда мұғалімдер күніне орай «Большая перемена» атты дәстүрлі құттықтау концерті өткізілді. Мерекелік бағдарлама әндерді, билерді, лирикалық және әзіл – ысқақ сипаттағы қойылымдарды қамтыды.;

— 9  қазан күні 5 «А» сынып оқушысы Абдрахманова Даяна қалалық «Gold Voice»сайысының I турына қатысты.

— 22 қазанда біздің мектеп оқушылары командасы экологиялық тақырыпта өткен, «Ғылым таппай мақтанба» қалалық КТК іріктеу турына қатысты.

 «Отаным – тағдырым» шағын бағдарламасы аясында келесі іс – шаралар өткізілді.

-1 қазан күні мектеп оқушылар мен мұғалімдері зейнеткер ұстаздарды қарттар күнімен құттықтады.

— Халықаралық қыздар күніне арналған «Қыз болашағы – ел болашағы» Респубдикалық он күндік аясында, 5-9 сыныптар аралығында викториналар, тренингтер, тақырыптық сабақтар, қыздардың орта білім алу, медициналық қызмет көрсету, қыздар мен әйелдер құқықтарының бұзылуы үшін орта туғызатын стереотиптерді жеңу, Қазақстанда құқықтарды қорғау мүмкіндігі туралы әңгіме-пікірталастар өткізілді.

— Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының қызметкерлері 8 – 9 сынып оқушыларына Қостанай облысындағы жедел распираторлық вирустық инфекциялар мен тұмаудың эпидемиологиялық жағдайы туралы дәріс өткізді.