«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі » ММ қызметкерлерінің сыбайлас жемкорлыққа қарсы СТАНДАРТЫ

Қостанай қаласы әкімдігінің   білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін 14 мектебі» ММ мектеп директорының «___13 «  __ақпанда______________2018ж. №_35_бұйрығымен бекітілген

«Қостанай  қаласы  әкімдігінің  білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі  » ММ қызметкерлерінің  сыбайлас жемкорлыққа қарсы

СТАНДАРТЫ

 «Қостанай қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі  » ММ қызметкерлерінің  осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Казакстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес ақпараттық-талдамалы, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметін жүзеге асырған кезде туындайтын қоғамдық қатынастар саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қала  әкімінің  ұсынымдар жүйесін құрайды.

  1. Стандарт «Қостанай қаласы әкімдігінің  білім бөлімінің негізгі жалпы білім беретін №14 мектебі  » ММ қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы тұрақты тәртібін қалыптастыру және сыбайлас жемқорлық көріністерін дер кезінде анықтау және олардың тигізетін теріс әсерлерін алдын алу болып табылады.
  2. Стандарттың қағидалары мыналар болып табылады:

1)заңдылық;

2)транспаренттілік;

3) әдептілік;

4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы және оларды сыбайлас жемқорлық көріністерден қорғау;

5) мүдделер қақтығысын болдырмау.

  1. Қызметкерлер лауазымдық өкілеттіктерін орындаған кезде саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер және олардың органдарымен байланысты емес Қазақстан Республикасының заңнамалары талаптарын басшылыққа алады.

5.Қызметкерлер Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы  аясында:

5.1. Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асырған кезде мыналарды:

1)азаматтар мен ұйымдардың өтініштерін қараған кезде азаматтардың құқықтары мен бостандығына басымдылық, бюрократизм мен жөнсіздікке жол бермеуді;

2)азаматтардың заңды құқықтарын іске асырудың ең қысқа мерзімі және заңды мүдделерін қамтамасыз етуді;

3)мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің регламенттеріне және стандарттарына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуді;

4)қызмет алушыларға шығу тегіне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге мән-жайларға байланысты қандай да бір кемсітушіліксіз бірдей қолжетімділікті қамтамасыз етеді.

5.2. Жол  берілмейді:

1) азаматттың өтінішін қарау мәселенi объективтi шешуге мүдделiлiк бiлдiрмейдi деп саналатын  адамға  жүктелген жағдайда;

2) шағым берген адамға зиян келтіретін немесе оның мүддесіне қатысты шағым берілген жағдайға;

3) шағымдарды iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағым жасалып отырған лауазымды тұлғалардың қарауына жiбермеуге;

4) адамның жеке өмірі, жеке және отбасылық құпиясы туралы мәліметті оның келісімінсіз жария ету мүмкіндігіне;

5) өтінішке қатысы жоқ азаматтың жеке басы туралы деректер жинауға жол бермеу.

6) Өз құзыреті шегінде басқару және өзге де шешімдер дайындаған және қабылдаған кезде мыналарға:

7) барлық құрылымдық бөлімшелер мен лауазымды тұлғалардың құзыретін нақты шектеу және және оларды жұмыс істеуін келісу;

8) лауазымдық өкілеттіктерді орындауға қатынасы жоқ және (немесе) Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзуға бағытталған бұйрықтар мен көрсетілімдерді шығаруға жол бермеу;

9) туыстық, жерлестік және жеке сенімділік қасиеттері бойынша кадрларды іріктеу және орналастыру жағдайларына жол бермеу;

10) мекеме  қызметкерлерінің жеке өмірі туралы мәліметті олардың келісімінсіз жария етуге  жол  бермеу;

11)әріптестерге, басшыларға және өзге де лауазымды тұлғаларға сыйлық жасамау және мүліктік пайда немесе артықшылық пайда алу үшін қызметтік өкілеттілікті пайданала отырып қызметтік емес қызмет көрсетпеу.

5.3. Меритократия  қағидаларын  сақтау.

5.4. Қабылданып жатқан шешімдердің заңдылығы үшін дербес жауап беру.

5.5.Мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануын  қамтамасыз  ету,

5.6. Қызметкерлердің қызметін  нақты бағалау, сонымен қатар оларға көтермелеу және жаза беруде  әділдік  көрсету.

5.7. Күнделікті  іс-қызметте:

1) Қоғамның мемлекетке және оның институттарына, білім  беру  мекемесіне деген сенімін сақтайды және нығайтады;

2)  Жалпы қабылданған моральдік-этикалық нормаларды сақтайды;

3) Мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, Қазақстан Республикасына кір келтіретіндей және мемлекеттік қызмет мүддесіне қайшы келетін әрекеттер жасауға жол бермеуді, соның ішінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұруды, мемлекеттік қызметшілер үшін заңнамада белгіленген шектеулер мен тыйымдардың қатаң түрде сақталуын қамтамасыз етеді;

4) Лауазымдық өкілеттіктерді және соған негізделген беделiн жеке басының, топтық және өзге де қызметтiк емес мүдделерге пайдалануға алып келуi мүмкін әрекеттерді жасауға жол бермейді;

5) Оларға мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы басшылыққа  және (немесе) құқық қорғау органдарына  жедел түрде жеткізеді;

6) Мүдделер қақтығысы туындағанда, қызметтік міндеттерін орындағанкезде жеке қызығушылықтар туындағанда, сыбайлас жемқорлық әдетіне және сыйлық алуға көндіру туралы тікелей немесе тура басшыға қажет болған  жағдайда жеткізеді;

7) Әріптестерге және басшыға өзара қатынастың белгіленген тәртібін бұзатын, қызметтік бейтарап шешім қабылдауға әсер ететін заңсыз өтініштермен жүгінуден бас тартады;

8) Қызметтік өкілеттіктерді орындауға байланысты сыйлық қабылдамайды және сыйламайды;

9)  Мүліктік және мүліктік емес пайда және артықшылық алу не пайда түсіру мақсатында таратуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдаланбайды;

10) Тікелей туыстық қатынастағы (ата-анасы, жұбайы, іні, апа-қарындасы, балалары) адамдардың тікелей бағынышты немесе бақылауындағы лауазымдарға тағайындалудан бас тартады;

11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет жасауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын ашуға белсенділік танытады;

12) Орындауға алған өкімнің заңсыздығына күмәні туралы тікелей басшысына жазбаша түрде шұғыл хабарлайды;

13) Құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы жоғары мәдениетті сақтауды қолдайды;

14) Мүдделер қақтығысының, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының және олардың салдарының туындау мүмкіндігінің себептері мен шарттарын жою жөніндегі шараларды тұрақты негізде қабылдайды;

15) Қызметтік тәртіп пен қызметтік намысты сақтайды;

16) Басшыға қатысты олардың лауазымдық мүмкіндіктері арқылы жеке сенімділік көрінісіне, пайда және артықшылық алуға тырысуға жол бермейді;

17) Өзінің қызметтік міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында сәйкес азаматтық-құқықтық, әкімшілік, қылмыстық жауапкешілікте болады.

  1. Басшы:

1) Өзінің мінез-құлқымен бейтараптық, шындық, жеке тұлғаның намысына және адамгершілігіне құрмет көрсетудің үлгісін көрсетеді;

2)Басшылықты бірегей, бөлу қызметі арқылы жүзеге асырады және қабылдаған шешімдерінің заңдылығы үшін жеке жауапты болады;

3)Лауазымдық өкілеттіктерден тыс тапсырмаларды орындауды қарамағындағылардан талап етпейді;

4)Қарамағындағы қызметкерлер қызметтік міндеттерін орындау барысында туындаған мүдделердің қақтығысын реттеу жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;

5) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға ықпал ететін себептер мен шарттарды жою жөнінде түпкілікті шараларды уақтылы қабылдайды;

6) Қарамағындағылармен құмар ойындарына қатысудан бас тартады;

7) Өзінің қарамағындағы қызметкерлердің арасында сыбайлас жемқорлық жұмыс жағдайы және олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауларына жол бермеу үшін жеке жауапты болады.

8) Қызметтен тыс сипаттағы мәселелердi шешу барысында қарамағындағы қызметкерлердің іс-қызметтеріне ықпал   ету үшiн қызмет бабын пайдаланбау;

9) Қарамағындағы қызметкерлерді  сыбайлас жемқорлық заң бұзушылық жасауға итермелемеу;

10) Казакстан Республикасының заңнамасына кайшы және (немесе) қызметтік   өкілеттіктерді   орындауға   қатысы   жоқ   бұйрықтар   мен нұсқаулар бермеу;

11)Қарамағындағы қызметкерлерді орынсыз айыптауға, дөрекiлiк факторларына, адамның ар-намысына тиюiне, жөнсiздiкке, дөрекi мiнез-құлыққа жол бермеу;

12) Қарамағындағы  лауазымды тұлғалардың арасындағы еңбек жүктемесiнің бiркелкi бөлінбеуіне  жол бермеу;

13) Қарамағындағы  лауазымды тұлғалардың мiндеттерi мен қызметтiк өкiлеттiгiнiң көлемiн нақты және анық белгiлеу;

14) Тауарларды, жұмыстарды, қызметтердi сатып алуға байланысты мемлекеттiк сатып алуды iске асыру кезiнде мыналар ұсынылады:

14.1. Мемлекеттiк сатып алу үшiн пайдаланылатын ақшалай қаражатты оңтайлы және тиiмдi жұмсау;

14.2. Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда мемлекеттiк сатып алуды өткiзу рәсiмiне қатысу үшiн әлеуеттi жеткiзушiлерге тең мүмкiндiктер ұсыну;

14.3. Мемлекеттiк сатып алу процесiнiң ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету;

14.4. Сыбайлас жемқорлық белгiлерiне жол бермеу;

14.5. Атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған мiндеттемелерi бар және Бiрыңғай борышкерлер тiзiлiмiне қосылған әлеуеттi жеткiзушi және (немесе) оларға тартылатын қосалқы мердiгер (бiрлесiп орындаушы) ретiнде катысуына  жол бермеу.