Қаңтар айында өткен іс-шаралар

Қаңтар айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының базалық бағыттарын жүзеге асыру аясында 4 сынып оқушыларымен «Қыс қызықтары» ашық ауада спорттық жарыстар өткізілді, балалар әр түрлі ойындарға қатысып, сергектік пен қуат алды;

— 5-9 сынып оқушылары арасында «Қазақстан — менің отаным»атты мәнерлеп оқу сайысы өтті. Балалар классикалық және қазіргі заман поэзиясының қазақстандық авторларының өлеңдерін оқыды;

-оқушыларды тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Отаннан тыс жерде даңқ әкелген адамдардың өмірбаяндарымен таныстыру мақсатында 8 сынып оқушыларының қатысуымен «Қазақстанды өзгерткен адамдар»  атты дөңгелек үстел өткізілді.;

-3 сыныптардың оқушыларының қатысуымен «Правознайка» құқықтық ойыны өтті, оның мақсаты — балаларды бала құқықтары туралы Конвенцияда жарияланған баланың негізгі құқықтарымен таныстыру, сондай-ақ бала құқығы жүйесі туралы түсініктерді қалыптастыру;

— мектеп кітапханасында « Люби и знай свой край» атты әдебиет көрмесі өтті.

Көрмеге біздің жерлесіміз-жазушылардың кітаптары қойылды, тек қана шығармашылықпен ғана емес, олардың әрқайсының өмірбаянымен танысуға болады.

— 5-9 сыныптарда « Соғыс сарбаздарын таңдамайды .» Ауған соғысының батырлары-қостанайлықтар туралы. Сабақ Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 30 жыл толуына арналды