Special Olympics Kazakhstan облыстық қысқы арнайы олимпиадасы

22 Қаңтарда №14 ЖОМ ММ базасында облыстық қысқы арнайы олимпиада шеңберінде флорбол бойынша облыстық жарыстар өтті. Жарысқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан 11 команда қатысты: 2 әйелдер командасы және 9 ерлер командасы.

Екінші турда балалар коньки тебу спорты мен шаңғы жарысына қатысты. Барлық қажетті атрибуттарды «ТехноДом Арена»олимпиадасының демеушісі ұсынды. Облыстық қысқы арнайы олимпиаданың қорытындысы төмендегідей болды:

Флорбол (кіші дивизион): 1 орын – Рудный №1 Арнайы мектеп-интернаты, 2 орын – Рудный №1 Арнайы мектеп-интернаты, 3 орын – Лисаков арнайы мектебі. Флорбол (аға дивизион): 1 орын – Рудный арнайы қызмет көрсету орталығы, 2 орын — Пешков арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 3 орын – Рудный арнайы мектебі. Флорболда қыздар арасында Лисаковск арнайы мектебі жеңіске жетті.

100 және 400 метр қашықтықта конькимен жүгіруден бірінші болып Марат Нұрналиев, Александр Семко, Александр Носов келді; 2 орынды Руслан Нальгиев, Руслан Демисенов, Владислав Аношкин, Руслан Нечаев иеленді; қола жүлдені Роман Шамарзанов, Руслан Нечаев, Әділ Батырбеков, Руслан Демисенов алды.

Қаңтар айында өткен іс-шаралар

Қаңтар айында «Өлкетану» кіші бағдарламасы аясында  келесі іс-шаралар өтті:

— 4-6 сынып оқушылары үшін 1000 м қашықтыққа 2013 жылғы әлем чемпионы, қазақстандық конькиші Денис Кузин туралы «Қостанай облысының танымал адамдары» даңғылының тұсаукесері өтті. Іс-шара барысында балалар спортшының өмірбаянымен, спорттық мансабымен танысты. Тұсаукесер екі ағымда өтті, оған 145 адам қатысты.                                                                               — 5-9 сынып оқушылары арасында шығармашылық іс-әрекет пен белсенділікті, көркемдік-эстетикалық тәрбиені дамыту мақсатында «Қысқы Қостанай»фотоконкурсы өтті. Ең жақсы жұмыстар суреттер көрмесіне орналастырылған.

«Саналы Азамат» бағдарламасы аясында бірқатар іс-шаралар өтті:

— Мектеп оқушылары «Жүйріктен жүйрік озар!» атты V қалалық балалар шығармашылығы фестивалінің «бес номинациясы бойынша өткізілген: хореография, фотосурет, бейнелеу өнері, көркем сөз, театрландырылған көрінісіне  қатысты. Байқауға  25 оқушы қатысты.                                                           — Бастауыш сыныптар үшін «Кітаптың сиқырлы әлемі» атты сайыс, викториналық және театр қойылымдары бар ойын бағдарламасы түрінде мереке өтті.

           «Отаным-тағдыр» кіші бағдарламасы аясында келесі іс-шаралар өтті:

— 7-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Абай Құнанбаев — 175» шығармашылық кеші. Кеш барысында Абай Құнанбаевтың өлеңдері, Ұлы ақынның шығармашылығымен, оның шығармаларымен, өмір жолымен танысты.                     — Мектеп кітапханасында «Люби и знай свой край»атты әдебиет көрмесі өтті. Көрмеде біздің жерлес жазушылардың кітаптары қойылған, ол оқушыларды Қостанай облысы жазушыларының көркем шығармашылығының алуан түрлілігімен таныстырды.

Биология мен Химия пәндері бойынша семинар өтті

26 желтоқсан 2019 жылы мектеп базасында биология және химия мұғалімдерінің қалалық отырысы өтті. Отырыстың мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту аясында белсенді жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану бойынша биология және химия мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін тарату.

Биология және химия мұғалімдерінің қалалық отырысы аясында бағдарламаға сәйкес келесі баяндамалар ұсынылды:

  • Жаңартылған білім беру мазмұнының аясында химия сабақтарында жұмыстың белсенді формалары мен әдістері» (Цюпай Е. С.);
  • «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы жаратылыстану сабақтарында жаңа тәсілдер» (Ефремова Н. И.);
  • «Белсенді формалар мен әдістер арқылы жаңартылған білім беру мазмұны аясында биология сабақтарында инклюзивті білім беруді іске асыру» (О. М. Даниленко).

Практикалық бөлімде мұғалімдер үшін коучинг ұйымдастырылды, ол жемісті өтті. Коучинг барысында алған ақпаратты мұғалімдер өз сабақтарында пайдалана алады.

Сенім телефоны

ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ БІЛІМ БӨЛІМІ «СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫНЫҢ» (39-08-50) ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ ХАЛЫҚТЫ ХАБАРЛАНДЫРАДЫ

Сенім телефоны – бұл кез келген адам өмірдің қиын жағдайын талқылау үшін анонимді түрде жүгіне алатын және өзінің сауалына жауап таба алатын қызмет.

«Сенім телефонының» мақсаты – отбасылық жайсыздықты, балалар мен жасөспірімдердің күйзелген және суицидальды көңіл-күйлерін алдын алуға, балалардың құқықтарын қорғауға және отбасыны нығайтуға мүмкіндік беру.

«Сенім телефонының» жұмысы қызықтыратын мәселелер бойынша қоңырау шалушыны ақпараттандыру, мүмкін болатын көзбе-көз кеңес және практикалық көмек үшін маманды сауатты таңдау мүмкіндіктерін береді.

Абоненттермен жұмыс телефон арқылы кеңес беру қағидаттарына сәйкес жүргізіледі:

 

  • Құпиялылық;
  • Қол жетімділік;
  • Абонентке құрмет;
  • Абонентті тыңдау.

 

«Сенім телефонының» жұмыс режимі – 8 сағат

Үзіліс уақыты сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін

 

Балаларға психологиялық көмек көрсететін қызметтер туралы мәліметтерді орналастыру үшін ақпарат

Құрметті мектеп оқушылары, студенттер, ата-аналар!

Өмірлік қиын жағдай туындаған кезде сіздер кедергісіз сенім телефондарына хабарласа отырып көмек алуларыңа болады.

Сенім телефоны – бұл шұғыл психологиялық көмек көрсететін тегін анонимдік қызметі.

«111» бірыңғай call-орталығы – қоңырау шалу тегін, Қазақстан Республикасында тәулік бойы жұмыс істейтін сенім телефоны. Сізге білікті психологиялық көмек көрсетіледі.

8 (7172) 742528 — Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Балалардың құқықтарын қорғау комитетi.

88000808833 – Қостанай облысы әкімдігінің білім басқармасының жанындағы балалық шақты әлеуметтік қорғау бөлімі.

8 (7142) 226532 – Психологиялық көмек көрсету жөніндегі дағдарыс орталығы, тәулік бойы жұмыс істейтін психологиялық көмек құпиялылықты сақтайды.

«150» қысқа нөмірі – Қостанай облысы бойынша тәуліктік, анонимдік білікті көмек, қоңырау шалу тегін.

Жағдай туындаса – ҚОҢЫРАУ ШАЛ!!!

«Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында 2019 жылда өткен іс-шаралар

Қаңтар айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасының базалық бағыттарын жүзеге асыру аясында 4 сынып оқушыларымен «Қыс қызықтары» ашық ауада спорттық жарыстар өткізілді

Ақпан айында №14 НМ «Өлкетану» бағыты бойынша іс-шаралар өткізілді

Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру аясында наурыз айында келесі іс-шаралар өтті

Сәуір айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте бірқатар іс-шаралар өткізілді

Мамыр айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте іс-шаралар өткізілді

Қазан айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте іс-шаралар өткізілді

Қараша айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте іс-шаралар өткізілді

Желтоқсан айында «Рухани Жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында мектепте іс-шаралар өткізілді