2021-2022 оқу жылының қараша айында келесі іс-шаралар өткізілді:
— Александр мен Дмитрий Скородиндер «Зерде»республикалық зерттеу жұмыстары мен шығармашылық жобалар байқауының қалалық кезеңіне қатысты. Олар байқауға «Қостанай облысының киелі орындары» жобасын ұсынып, жүлделі үшінші орынды иеленді;
— мектеп парламентінің мүшелері «менің көңілді демалысым» челленджін өткізді, бейнеролик мектептің Instagram парақшасында орналастырылды;
— мектептің бірінші қабатының рекреациясында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған 1-4 сынып оқушыларының «Менің Қазақстаным» суреттер көрмесі безендірілді. Көрмеге жас суретшілердің отыздан астам жұмыстары қойылды
— полицияның жас көмекшілері мектеп жасақтары жасағының қалалық сырттай байқауының қорытындысы бойынша «Жас Өркен» жасағы «Жас Отан» жасағының » сайысында үшінші орынға ие болды.