АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000 және 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттарын қабылдау және ауыстыру мерзімін ұзартутуралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы жеке тұлғалардан Қазақстан Республикасында айналыстағы және заңды төлем құралы болып табылатын Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының ақша белгілеріне ауыстыру үшін 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттарын қабылдау мерзімі 2021 жылғы 01 ақпанға дейін ұзартылғанын хабарлайды.

2006 жылғы үлгідегі банкноттар

2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының банкноттарын қабылдауды және ауыстыруды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдары, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық валютасының 2006 жылғы үлгідегі номиналы 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттарын қабылдау және ауыстыру мерзімі аяқталғаннан кейін осы банкноттарды Ұлттық Банктің филиалдары қабылдауды және оларды қолданыстағы ақша белгілеріне айырбастауды тоқтатады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің Қостанай филиалы келесі мекен-жайда орналасқан: Қостанай қаласы, Баймағамбетов көш., 195.Кассалардың жұмыс тәртібі жұмыс күндері сағат 09.00-ден 15.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін.

Байланыс телефондары: 99-09-24, 99-09-25, 99-09-10.

Кезекші сыныптарда оқытуды ұйымдастыру

View this post on Instagram

#кезекшесыныптар 🔸Ата-аналар балаларды тек мектепке дейін алып келеді. Олардың ғимаратқа кіруіне тыйым салынады. Мектептің кіреберісі дезинфекциялық төсеніштермен қамтамасыз етілген, кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу және масканың болуы міндетті😷, сондай-ақ медициналық👩‍⚕️ қызметкер балалардың температурасын🌡️ өлшеуі қажет. Мектептегі кезекші топтарды оқыту бірнеше ауысымда ұйымдастырылған. 13 адамнан тұратын менің сыныбым түстен кейін оқытылады. Ауысым басталмас бұрын сыныпта профилактикалық дезинфекция жүргізіледі. Сабақтар санитарлық талаптарға сай жабдықталған жеке кабинетте өтеді. Күн сайын үш негізгі пән өткізіледі. Қалған пәндер қашықтықтан оқытылады. Қабылданған барлық шаралар, мұғалімдер мен ата-аналардың бірінші кезектегі міндеті болып табылатын балалардың өмірі мен денсаулығын сақтауға бағытталған. Авторы:бастауыш сынып мұғалімі Фабрициус Е.Д. #дежурныеклассы 🔸Родители сопровождают детей только до школы. В здание заходить им запрещено.🙅🏻‍♀️ Вход школы обеспечен дезинфицирующими ковриками, при входе обязательна обработка рук👏🏻 антисептиком и наличие маски😷, а также измерение температуры🌡️ ребенка медицинским работником👩‍⚕️. Обучение дежурных групп👨‍🏫👩‍🏫 в школе организовано в несколько смен. Мой класс, в количестве 13 человек, обучается после обеда. Перед началом смены в классе проводится профилактическая дезинфекция. Занятия проходят в одном отдельном кабинете, который оборудован согласно санитарным требованиям.📝 Каждый день проводится по три основных урока. Остальная часть предметов ведется в дистанционном формате. Все предпринимаемые меры направлены на сохранение жизни и здоровья детей, являющееся первостепенной задачей педагогов и родителей. Автор :учитель начальных классов Фабрициус Е.Д.

A post shared by ООШ №14 (@kst.school_14) on

Special Olympics Kazakhstan облыстық қысқы арнайы олимпиадасы

22 Қаңтарда №14 ЖОМ ММ базасында облыстық қысқы арнайы олимпиада шеңберінде флорбол бойынша облыстық жарыстар өтті. Жарысқа Қостанай облысының қалалары мен аудандарынан 11 команда қатысты: 2 әйелдер командасы және 9 ерлер командасы.

Екінші турда балалар коньки тебу спорты мен шаңғы жарысына қатысты. Барлық қажетті атрибуттарды «ТехноДом Арена»олимпиадасының демеушісі ұсынды. Облыстық қысқы арнайы олимпиаданың қорытындысы төмендегідей болды:

Флорбол (кіші дивизион): 1 орын – Рудный №1 Арнайы мектеп-интернаты, 2 орын – Рудный №1 Арнайы мектеп-интернаты, 3 орын – Лисаков арнайы мектебі. Флорбол (аға дивизион): 1 орын – Рудный арнайы қызмет көрсету орталығы, 2 орын — Пешков арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы, 3 орын – Рудный арнайы мектебі. Флорболда қыздар арасында Лисаковск арнайы мектебі жеңіске жетті.

100 және 400 метр қашықтықта конькимен жүгіруден бірінші болып Марат Нұрналиев, Александр Семко, Александр Носов келді; 2 орынды Руслан Нальгиев, Руслан Демисенов, Владислав Аношкин, Руслан Нечаев иеленді; қола жүлдені Роман Шамарзанов, Руслан Нечаев, Әділ Батырбеков, Руслан Демисенов алды.

Биология мен Химия пәндері бойынша семинар өтті

26 желтоқсан 2019 жылы мектеп базасында биология және химия мұғалімдерінің қалалық отырысы өтті. Отырыстың мақсаты білім беру мазмұнын жаңарту аясында белсенді жұмыс түрлері мен әдістерін қолдану бойынша биология және химия мұғалімдерінің жұмыс тәжірибесін тарату.

Биология және химия мұғалімдерінің қалалық отырысы аясында бағдарламаға сәйкес келесі баяндамалар ұсынылды:

  • Жаңартылған білім беру мазмұнының аясында химия сабақтарында жұмыстың белсенді формалары мен әдістері» (Цюпай Е. С.);
  • «Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайындағы жаратылыстану сабақтарында жаңа тәсілдер» (Ефремова Н. И.);
  • «Белсенді формалар мен әдістер арқылы жаңартылған білім беру мазмұны аясында биология сабақтарында инклюзивті білім беруді іске асыру» (О. М. Даниленко).

Практикалық бөлімде мұғалімдер үшін коучинг ұйымдастырылды, ол жемісті өтті. Коучинг барысында алған ақпаратты мұғалімдер өз сабақтарында пайдалана алады.